Еліміздің Үкімет басшысы облыс орталығында бизнес өкілдерімен арнайы кездесті. Жиында бизнес үшін Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау түрлері айтылды. Кәсіпкерлер де мәселелерін ортаға салды.

Былтыр Павлодар облысыда өндіріс көлемі 3,4 трлн теңгеден асқан. Инвестиция көлемі 40 пайызға артыпты. 13 млрд теңгеден астам мемлкеттік қолдауы көрстеліген. Оның 10 млрды республикалық бюджеттен екен.

Мемлекеттік қолдау түрі сан салалы. Әр түрлі жеңілдіктер мен гранттар түрінде беріледі. Соңғы жылдары осы саладағы әйелдерді қолдау ісі біршама артқан.

Премьер-Министр отандық кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекеттік сатып алу қағидатына өзгеріс енгізілгендігін атап өтті. Яғни, қандай да бір мемлекеттік тапсырыс әуелі елімізде өндірілетін тауарға жасалады.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР - МИНИСТРІ

Біз мемлекеттік тапсырыс аясында отандық тауар өндірушілерге жүгінуге міндетті салалардың аясын кеңейттік. Алдымен бізде не бар деген аналыз жасалды. Осылайша отандық тауарлық белгіге тапсырыс беру биыл үш есеге өсті. Бұл қағида бойынша қандайда бір тауар мен қызмет көрсету елімізде бар болса, оны мемлекеттік тапсырыс аясында импорт арқылы ала алмайды.

Жиын барысында бизнес өкілдері ойларын ортаға салып, ұсысынтарын жеткізді. Мәселелерін ортаға салды.

Жанасыл Серікбол