Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын өсірген шенеуніктер жазаланды. Қадағалаушы орган бұл бұзушылықты баға белгілеу барысында анықтаған.
Мәселен, облыстық кәсіпкерлік басқармасы бірінші сұрыпты ұнның шекті бағасын 248 теңге деп белгіленген. Ал бұл өнім дүкендерде 152 теңгеден сатылған. Ал сиыр етінің бір келісі 3196 теңге болып көрсетілген. Ал бұл уақытта өңірде аталған өнім бағасы 2479 теңге болып саудаланған.
ДИНАРА ҚАБЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Бірінші тоқсанына белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін асыра бағалау фактілері анықталды. Облыстық кәсіпкерлік басқармасы есеп айырысу жүргізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған. Талдау тиісті түрде жүргізілбеген сатуға мүмкіндік берді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша прокуратураның қадағалау актісімен нәтижесінде 2 тоқсанға бағалардың шекті мәндерін төмендету жағынан қайта қарау туралы шешім қабылданды. Тиісті адамдар жауапқа тартылды.
Әйгерім Тоқпанқызы