Өңірде көрсетілген қызмет пен сатып алынған заттарға көңілі толмайтын тұтынушылар саны артты. Тек биыл 2 айда 311 өтініш қаралып, 42 миллион теңгеден аса ақша қайтарылды. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды. Әріптесім толықтырып айтады.

Халықты алдап, сапасыз тауарды өткізу немесе сатып алынған заттың кепілдік мерзімі аяқталмай бұзылып қалуы, әрине, тұтынушыны әуре-сарсаңға салары анық. Қазір ақпараттандыру нәтижесінде пайдаланушылар өз құқықтарын біледі. Биыл тұтынушылардың өтініші 20 пайызға артқан. Біздің өңірде көбінесе бөлшек саудада азаматтар құқығы жиі бұзылады екен.

ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына түскен өтініштерді талдаудан Павлодар облысыныда тұтынушылардың құқықтары бөлшек саудада, 64 пайыз электрондық саудада 11 пайыз тұрмыстық қызмет саласында 16 пайыз жиі бұзылады. Өтініштерді қарау нәтижелері 2 айда 42 млн теңгеден астам ақша қаражаты қайтарылды. 5 млн теңге.

Жыл басында картоп пен сәбіздің бағасы шарықтап кетті. Анықталғандай дистьюбютер көкөністерге үстемақы қосып саудалаған. Бұны департаменті өкілдері мемлекеттік бақылау кезінде анықтады.

ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

33 жоспардан тыс тексерулердің ішінен 23 ші тексеру бойынша сауда үстемесінен асып кетіп, картопқа сауда үстемесі асып түсті. Ең үлкен сауда үстемесі картопқа 106 пайыз, 160 тан сатып алды, 330 ға дейін сатып берді. Бағасы. Және сәбізге 75 пайыз 60 теңгеден алды. 105 теңгеге сатып берді.

Кәсіпкерге тек ескерту ғана жасалды. Келесі ретте заңды тағы белшесінен басатын болса, айыппұл арқалайды. Айта кетейік, Егер сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыз тапталса онда Егов арқылы Е өтініш порталына немесе 55-10-70 нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыра аласыз.

Әйгерім Тоқпанқызы