Бүгін, 27 наурыз – Халықаралық нефролог дәрігерлері күні. Бұл – бүйрек ауруларын емдеумен айналысатын мамандар. Осы саланың маңыздылығы мен нефролог дәрігердің жұмысы жайлы келесі сюжетте.

Нефролог дәрігер Әсел Күмпекеева 13 жылдан аса осы салада қызмет етіп келеді. Бүйрек ауруларымен айналысатын маман, жүрек-қан тамырлары, эндокриндік жүйе және басқа да органдардың өзара байланысын жақсы білуі қажет. Бұл мамандық көпсалалы білімді талап етеді.

ӘСЕЛ КҮМПЕКЕЕВА , №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕФРОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Біздің бөлімше облыс бойынша осы жерде ғана бар. Біздің бөлімшеге Павлодар облысы бойынша жоспарлы және жедел түрде жатады. Осы бөлімшеде екі кісі болып жұмыс жасаймыз. Бөлімше меңгерушісі және мен.

Нефролог дәрігерлер жыл сайын біліктілігін арттырып, жаңа емдеу әдістерін үйренеді. Олар конференцияларға қатысып, өз тәжірибесін жетілдіреді. Бұл – медицинадағы жаңа әдістерді игеріп, науқастарға сапалы ем көрсету үшін маңызды.

ӘСЕЛ КҮМПЕКЕЕВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕФРОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Біз жыл сайын өз білімімізді жаңартамыз. Халықаралық және республикалық конференцияларға барамыз. Алған білімдерді күнделікті жұмыстарада біз күнделікті қолданамыз. Бүйрек ауруларының себебі көп. Бұл диабет, гипертония, жүректің жетіспеушілігі және генетикалық аурулар. Сондықтан бұл мамандықта медицинаны жан жақтан білу керек.

Нефролог мамандығы – адам өмірін сақтап қалуда аса маңызды рөл атқарады. Себебі, бүйректің жұмыс істеуі бүкіл денсаулыққа әсер етеді.

Сабина Жолдаспаева