Бүгін халықаралық театр күні. Сиқыры мен сыры арбаған осынау өнер барша адамзаттың жүрегін баурап келеді. Ежелден бері келе жатқан ақсүйек өнер бүгінгі заман талабына сай өз миссиясын атқаруда.

Бұл - Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының сахнасы. Театр әйгілі «Маугли» ертегісінінің кезекті қойылымына дайындық үстінде. 35 жылдан бері өнер айдынында желкенін биік көтеріп келе жатқан театр ұжымы әркез көрерменге ой салып, мазмұнды қойылымдарды ұсынып келеді.

Театр жайлы сөз, театр жайлы аңыз, театр жайлы толғаныс еш уақытта толастаған емес. Ал, қазақтың кәсіби театрының қалыптасқанына да ғасыр өтті. Содан бері талай туынды көременге ұсынылды. Халықтың тағдырынан бастап, жеке адамның мұңы сахна төрінен табылды.

Аймауытов театры сәуір айында Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларына гастрольдік сапармен барады.

Ал, мамыр айында «Бір досың керек екен» атты комедиялық қойылымға, Жеңістің 80 жылдығына орай Лондоннан арнайы шақыртылған режиссер премьераға ат салысады.

Жанасыл Серікбол