Павлодар облысында көктемгі дала жұмыстары мамырда басталады. Ал, агротехникалық шаралар сәуірде қолға алынбақ. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қалай? Тілшіміз айтсын.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыруды жүргізу шеңберінде майлы дақылдар алқаптарын биыл 93,2 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алқабын жоспарлы көрсеткіштен 131%-ға немесе 395,6 мың га дейін жеткізуге мүмкіндік береді, оның ішінде күнбағыс алқаптарын 21,1 мың гектарға ұлғайту және оларды 349,1 гектарға дейін жеткізу күтілуде, майлы зығыр 13,3 мың га, жалпы ауданы 28,7 мың га (2024 жылы 15,4 мың га) құрайды.
ДАРХАН ДОЩАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ағымдағы жылы 164 мың тонна шамасында тұқым себілген. Сапасы мен суперэлиталық көлемі 27 мың тоннаны құрады. Сондай ақ облыс бойынша тұқым шаруашылығында 1400 шамасында тұқым бар. Бағасы 150 мың теңге қарастырылған қазіргі таңда.
Өсімдік шаруашылығына 4,1 млрд теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде тұқым шаруашылығына 996 млн теңге, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 1 млрд 27 млн теңге, пестицидтері субсидиядауға 1 млрд 757 млн және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізуге 338 млн бөлініп отыр.
ДАРХАН ДОЩАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 27600 тонна арзандатылған дизель отыны берілген. Оның бағасы 1 тоннасына 291 мың, литріне 244 теңге болады. Нарықта 295 шамасында.
Өңір қоймаларындағы картоп мамыр айына дейін жету керек, деді жауапты басқарма басшысы. Ары қарай қарай картоп өзге өңірлерден әкелінеді. Ал, сәбіздің 20 мың тоннасы бар.
ДАРХАН ДОЩАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 1 млн 285 гектарды құрайды. Бұл майлы, дәнді дақылдар. 123 мың гектарға артық. Оның ішінде дәнді дақылдар 13700 гектар.
Павлодар облысында көктемгі жұмыстарының агротехникалық дайындығы сәуірдің басында басталады. Ал, дала жұмыстары мамырдың басында қолға алынбақ.
Самал Қалиқызы