Тереңкөл ауданы Береговое ауылы маңында Ертіс өзеніне балықшы батып кеткен. Құтқарушылар су астын тексеріп, 1992 жылы туған азаматты іздеуде.

Оқиға 12 сәуір күні, түнде болған екен. Балықшылардың бірі жағаға байланған баржадан суға секіріп, кейін су бетіне шықпаған. Ауыл маңындағы жағдайдан соң бірден төрт сүңгуір су астына түскенімен, іздеу еш нәтиже бермепті. Ал іздеу-құтқару жұмысы судың ағыны қатты, асты лай болғандықтан, қиынға соғып жатыр. ++++++

Серік Шериязданов, Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары

Іздестіру жұмыстарына ертіс өзенінің түбін сканерлейтін эхолакатор, сүңгу жұмыстары және бейнекамерамен орнатылған эхолод қолданылып жатыр. Бірақ жұмыстарға кедерге болып жатқан ол жоғарғы ертіс каскадынан ертіс өзеніне су жіберу. Сондықтан ертіс өзенінің деңгейі жоғарылып жатыр. Сонымен қатар қатты ағын және ертіс өзенінің өзінің лайлығы.