Өңірімізде ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны артып келеді. Солардың бірі Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Құлакөл ауылы. Мұндағы дүкендерде алкогольдік өнім мүлдем сатылмайды. Соның арқасында былтырдан бері бірде бір қылмыс тіркелмеген екен. Ауылдың тыныс тіршілігімен әріптесім Дильназ Куанышбекова танысып қайтты.

Бұл Екібастұз қаласынан небәрі 40 шақырым жерде орналасқан құтты мекен Құлакөл ауылы. Тынысы кең, жайлы да берекелі елде 126 түтіні бар. Былтырдан бастап дүкендерінде спирттік сусындар сатылмайды. Ауыл халқы бас тартқан.

Ауыл тұрғындарының жалпы саны 400 ге жуық. Оның ішінде 40-45 адам медициналық диспансерлік есепте тұр.Ішімдікке тиім салынғалы дәрігер көмегіне жүгінетін адамдар саны азайған екен.

Шолпан Биязбекова, медициналық пункт фельдшері

Қазір енді жылдан жылға азайып келеді бізде учетта тұрған азайып жатыр. Көбісі қазір жұмыста сондықтан ондай ерсі қылықтарын байқамаймыз.

Бұл игі бастама былтыр жасасқан меморандум аясында орындалып отыр. Бұл жай ғана ішімдіктен тыйылу емес, бүтін бір ұрпақтың тағдырын өзгертуге бағытталған батыл қадам. Айта кетейік, былтырдан бері мұнда бірде-бір қылмыс-ұрлық, отбасылық жанжалдар тіркелмеген екен.

Азат Хабдуллинов, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі

Былтыр 2024 жылы прокуратура мен Екібастұз полиция басқармасымен және ауыл округі темір жол округі әкімімен бірлесіп алкогольдіктен бас тарттық. Соның салдарынан міне отбасылық зорлық зомбылықтың басын алу деген мақсатта келешекте балаларға деген денсаулықтарына жақсы үлгі деп ойлаймын. келесі ауылдарға да осындай меморандум жасалсын дейміз.

Бүгінде шалғайда орналасқан шағын ауыл тұрғындарының өмір салты көпшілікке үлгі. Жергілікті билік өкілдері бұл игі бастаманы ақсақалдар мен жастардың қатысуымен жүзеге асырып, өзге округтерге де кеңінен таратуды көздеп отыр.

Дильназ Куанышбекова