Көктемгі дала жұмыстары басталуға жақын. Қазір шаруалар жер жырту, ылғал жабу жұмыстарын жүргізуде. Тұқым мамыр айынан басталып себіледі деп күтілуде.
Жер ананың берер несібесі мол. Тек, уақытында дән сеуіп, ұқыппен күтіп өсіре білсең болғаны. Ертіс жағасы жомарт. Шаруаға жайлы мекендердің бірі. Көкеніс өсіріп, бақша ұстаған жандар да еңбегінің өнбегін күзде көреді. Биыл да кезекті дала жұмыстары келіп жетті. Шаруалар қызу дайындықта.
Дайындық жұмыстарын тыңғылықты атқарып алған соң тұқым себіле бастайды. Мамыр айының басында алғашқы дән себіледі деп күтілуде. Барлық жұмыс ғылыми негізге сүйеніп жүргізілмек.
Шаруаларға жыл сайын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлері бар. Биыл да субсидия түрінде бірқатар демЕу болады.
Павлодар облысының егістік алқабы быЛтырғымен салыстырғанда 123 мың гектарға көп. Алқаптар нарық сұранысына сәйкес майлы дақылдар есебінен ұлғайды.
Жанасыл Серікбол