Май ауданы, Малайсары ауылы облыстағы жаңарған елдімекендердің бірі. Ауыл бүгінде жаңаша түрленіп, көрікті мекендердің біріне айналған. Тұрғындар үшін алдағы уақытта да бірқатар жобалар іске аспақ.

Малайсары ауылы аудан орталығынан шамамен 20 шақырымнан астам қашықтықта. Аудандағы мемлекеттің «Ауыл-ел ебсігі» ұлттық жобасы іске асқан елдімекндердің бірі.

Көпфункционалды спорт алаңының құрылысы басталып кеткен. Онда ауыл тұрғындары волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік алады. «Ауыл-ел бесігі» ұлттық жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен нысандардың бірі мәдениет үйі. Бүгінде тұрғындардың жиі бас сұғатын, мәдени өмірін жандандыратын қастерлі ошағы.

Малайсары мектебінің оқушылары да жасампаз. Робот, дрон жасайды. осындай жобаларымен республикалық білім бәйгесінде оза шауып жүр. Мына класс ішінде қалықтап ұшып жүрген дрон да осы оқушылардың ойы мен қиялының, білімінің жемісі. Малайсары мектебі мемлекет тарапынан бөлек, демушілер тарапынан да айрықша назарда. Соңғы 10 жылда 12 кабинет жаңарған.

Жанасыл Серікбол