Ел бірлігінің негізгі факторы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, одан әрі дамыта түсу мақсатында меморандумға қол қойылды. Оған кімдер атсалысты? Алда қандай мақсат-міндеттер тұр? Алдағы сюжеттен көрейік.
Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуына ұдайы назар аударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сай туындайтын жаңа мүмкіндіктерді айқындау-жауапты мәселе. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту де зор мақсат. Бұған әрдайым назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отыру келелі іс. Осы мақсатта бүгін Халықаралық қазақ тілі қоғамы Павлодар облыстық филиалы мен Аламекен кәсіпкерлер палатасы арасында меморандумға қол қойылды.
Асылбек Туғанбай, халықаралық қазақ тілі қоғамы Павлодар облыстық филиалының төрағасы
Қазіргі уақытта қазақ тіліне байланысты мәселелр, кәсіпкерлік субьектілердің аясында өрбіп жатады. Халыққа қызмет көрсету, көрнекіліктер, жарнамасы бар товарлар туралы анықтамалар бар, кейбірі қате жазылады. Сондықтан біз осы Атамекен кәсіпкерлер палатасында арнайы шаралар жүзеге асыратын боламыз. Семинарлар, дәрістер, көрнекі ақпараттарды дайындау, аударма жұмыстары, оның барлығы тегін жүзеге асырылады және осы жерде біз кәсіпкерлерге тілді қолдануға көмектесетін боламыз.
Меморандум аясында тілді оқып-үйрену, күнделікті іс қағаз құжаттарын жүргізу және көшелерді ілулі тұрған жарнамаларды қазақ тілінде сауатты жазуда көмек көрсететін болады.
Қымбат Садық