Павлодар қаласындағы номері 26 мектепте Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық акция өтті. Шара аясында оқушыларға жеңістің мәні мен маңызы жайлы айтылды.
Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың ақыры болған Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары ауыр қасіретпен өтті. 26 мектепте өткен патриоттық акциясының мақсаты сонау отты жылдардың қасіретті шежіресіне қайтадан үңіліп, өскелең ұрпаққа ерлік үлгісін насихаттау.
Шара аясында мектепке бірқатар қонақтар келіп, соғыстың қасіреті жайлы, сол уақытта Қазақстан сарбаздарының көрсеткен ерлігі жайлы баяндады.
Жанасыл Серікбол