Павлодарда "Атам менің —мақтанышым" атты челлендж басталды. Оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарының ерлік істерін айтып, бір-біріне бейне үндеу жолдады. Игі бастама Аққулы ауылында ұйымдастырылды.
Арлан Жұматаевтың – Аққулы ауданында тұрады. 6-сынып оқушысы өзінің атасы туралы айтып берді. Жұматай Тілеуқабылов -1919 жылы қазіргі Аққулы ауданында туған. 1941 жылы 22 жасында майданға өз еркімен аттанып, сұрапыл соғысқа қатысқан. Ол Украина, Белорусь, Сталинград елдерін азат етуге қатысты. Немересі атасының ерлігін мақтан тұтады.
Арлан Жұматаев, оқушы
Менің атам екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен және Сталингрдты қорғағаны үшін, Германияны жеңгені үшін, жауынгерлік еңбегі, ерлігі үшін және Сталиннің алғыс хатымен марапатталған. Мен атамды мақтан етемін.
Ал Нұрсұлтан Серікбай – Аққулы ауданына қарасты Бесқарағай ауылында тұрады. Оның атасы Қамаш Омаров та Ұлы Отан соғысына қатысқан. 25 жасында соғысқа аттанып, қан майданның ортасына түскен. Соғыста атасы мергендігімен де көзге түсіпті. Сол үшін Кеңес үкіметі тарапынан жоғары марапаттарға ие болған. Соғыстан аман-есен оралған соң, ұзақ жылдары бойы еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан. 2004 жылы дүние салды.
Нұрсұлтан Серікбай, оқушы
Менің атам Украина, Польша, Румыния елдерінде соғысқа қатысып ерлік көрсеткен. Қазіргі таңда елімізге азаттық алып бергені аталарымыздың ерлігіні ешқашан ұмытпаймыз. Мен өз атаммен мақтан етем.
Аққулы ауданынан соғысқа 4 мыңнан аса адам кеткен. Алайда, оның 1329-ы оралмады. 890 сарбаз ұрыс даласында хабар ошарсыз кеткен.