Облыс әкімі Асайын Байханов XVIII республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесті. Республикалық олимпиада 1-4 сынып оқушылары арасында өткен еді.

Білім додасында оқушылар облыс намысын қорғап келді. Павлодар облысының оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстарда әрдайым жоғары нәтижелер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Сөз соңында өңір басшысы бала кезінде әртүрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатысқанын айтты.Күі үздіктермен бәсекеге түсу үлкен жауапкершілік екендігін атап өтті.