12 сәуір қазақ ғылымының атасы, геолог, жерлесіміз Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың дүниеге келгеніне 126 жыл. Осыған орай жерлестері есімін ұлықтапс, академик ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне келді.

Халқының даңқын арттырған, қазақтан шыққан тұңғыш академик жерлесіміздің есімі ерек, еңбегі ерен. Ұлтының алдында ұлық басын кішірейте білген Қаныштың туған күнінде өңір басшысы, зиялы қауым қала ортасындағы ескерткішінің жанына жиналып рухына тағзым етті.

Тарлан тұлға бала кезінен тау-тасқа құмартып ерекше қызығушылықпен өсті, кеңес геологтар мектебінің негізін қалады. «Халқым менен де биік» деп ұлтына қалтқысыз қызмет етті.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Қазақ ғылымының атасы атанған Қаныш Имантайұлы. Қазақ академиясын түңғыш құрған тұңғыш академик атанып, ең бірінші деген атқа лайық болған азамат. Бүгін таң ата Павлодар қаласында орналасқан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен бастадық. Тек ғана гүл шоғы емес, бұл ғылым күніне арналған ондаған шаралар өз жалғасын таппақ.

Иә, биыл Қазақтың Қанышының туғанына 126 жыл толып отыр. Айта кетейік былтыр академиктің 125 жылдығы кең көлемде аталып өтті. . Ғалым есімімен тек Ертіс-Баян өңірі ғана емес, қазақ жұрты түгел мақтанады.

Қымбат Садық