Жалпы қалалық сенбілікке еңбектенген баладан, еңкейген қарияға дан, дейін қатысты. Олар ауланы тазартып, жинауға белсене ат салысты. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Қариялар өткен тазалық шарасына білек сыбана кірісті. Ауланы қоқыстан тазалап, ағаш түптерін ақтады.

Гүлнәр Елтаева, Павлодар қаласы №4 шағын ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бұл сенбілікте көптеген жұмыстар істелді. Аулалар тазартылды аула өте әдемі болды.Мұнда үлкен патриоттық сезіммен жастарға үлгі болам деген ата-әжелер өздерінің еңбектерімен жинасып,осындай бір үлкен жетістікке жеткендей өздері қуанып шын көңілмен өз еңбектерін жасады.

Сенбілік жастарды тек жинақылыққа баулып қана қоймай, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Зейнеткерлердің ең үлкені 92 жаста болса, ең жасы 76 жаста.

Галина Белая, Павлодар қаласының тұрғыны

 «Ардагерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз! Олар бізге келіп, үнемі көмектеседі. Сенбілікке де белсене қатысады. Әрине, мен оларға ризашылығымды білдіремін, өйткені олар аға буын ретінде бізге үлгі көрсетіп жүр. Олар бізге сырлауға да, әктеуге де, сыпыруға да көмектеседі.»

Сонымен қатар, ардагерлердің сенбілікке қатысуы – бір реттік шара емес. Жыл сайын дәстүрге айналған бастама. Олар үнемі тазалық жұмыстарына шығып, аулалар мен көшелерді абаттандыруға өз үлестерін қосады. Жасыл желектерді күтіп-баптайды.

Дильназ Куанышбекова