Заң және тәртіп. Осындай ұранмен Ертіс өңірінің полицейлері саптық байқауын өткізді. Шара тәртіпті нығайту, қызметкерлердің бірыңғай саптық дағдылары мен саптық үйлесімділік дәрежесін айқындау мақсатында Орталық стадионда өтті.
Шеруде полицейлердің сымбатпен құрылған сабы салтанатты жүріп өтті. Саптық бөлімшелер өз қызметкерлерінің киім-кешектеріне ерекше назар аударды. Өйткені олар осы байқауда ғана алдыңғы қатарда емес, қызмет барысында азаматтармен тығыз байланыста. Сондықтан, шара аясында жеке құрамға қызмет атқару кезінде азаматтардың құқықтарын сақтау талаптары түсіндірілді. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылған саптық байқау әскери оркестрдің үнімен салтанатты түрде сүйемелденді.
Полиция қызметкерлері бұндай саптық байқаулар барлық жеке құрамның саптық мәдениеті мен дағдыларын арттыруға ықпал ететінін, бөлімшелердегі тәртіпті, ұйымшылдық пен тәртіпті нығайтуға көмектесетіндігін атап өтті. Ал нысанды киім кию тәртіпті және ұйымшылдықты нығайту факторларының бірі болып қана қоймай, қызметкерлердің тәрбиесін арттырады.
Жанасыл Серікбол