Қазақстан халқы ассамблеясы өңірлік кеңесінің отырысы өттіАссамблея барша этностың басын қосып, мемлекеттің тұтастығы мен жарқын болашағын насихаттап келеді. Жастарды отансүйгіштікке, қазақ мәдениеті мен тіліне баулуда. Жиында сөз алған облыс әкімі Асайын Байханов ҚХА-ның іске асырылып жатқан бастамаларының арқасында өңірде мәдени әртүрлілік, өзара құрмет пен патриотизм құндылықтары қалыптасып жатқанын атап өтті.
Кеңес отырысында Ассамблеяның өңірлік құрамы бекітілді. Сонымен қатар, облыс әкімі елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлестері үшін өңірдің 26 этномәдени бірлестіктерінің басшыларына «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» медалін табыс етті.
Жанасыл Серікбол