Өткен жексенбі күні Павлодар қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің терезесінен 2 жастағы бала құлап кетті. Қазір бала ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Мұндай жағдайда ата-аналарға қандай жауапкершілік қарастырылған толығырақ алдағы сюжетте көресіздер.

Бала кеше сағат таңғы 8:52 де ауыр хәлде аурухананың жан сақтау бөліміне келіп түсті. Құлаған кезде түрлі ауыр жарақаттар алған. қазір палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Қуат Арғынов, балалар облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі

Ол практикалық тексеруде ес-түссіз болды, жауап бермеді. Бірден баланы жансақтау бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылданды. Одан әрі диагностика және емдеу, сондай-ақ интенсивті терапия жасалды. Диагностикалық шаралар өткізілгеннен кейін жабық ми жарақаты, ауыр соққыдан алған бас миының ауыр түрі деген диагноз қойылды. Терапиядан кейін бір тәуліктің ішінде жағдайы тұрақталып, қайтадан бейімделіп, әкесімен бірге палатаға ауыстырылды.

Алдағы уақытта өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Осы орайда ата-аналар жауапкершілікке тартылады.

Сәуле Шакенова, балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл

Қазір 127 бапқа өзгеріс енгізілді. Ол бойынша ата-аналар жауапкершілікке тартылады. Айыппұл 10 АЕК көлемінде. төлейтін болады.

5 жыл ішінде павлодар облысында 46 бала терезеден құлаған. оның ішінде 10 бүлдіршін көз жұмды.