Ел аумағында «Жасөспірім» алдын алу шарасы басталды.Бұл күндері полиция қызметкерлері есепте тұрған жайсыз отбасыларға барып, ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Арнайы алдын алу шарасын ұйымдастырды. Кезекті түнгі уақытта болған рейдтке біздің арна тілшілері де қатысты.
Учаскелік инспекторлар бірлесіп ұйымдастырған рейд Павлова 70 мекенжайынан басталды. Аталған пәтерде есепте тұрған отбасы тұрады. Біз келгенде отағасы алкогольді ішімдіктен бас тартқанын, қазір балаларына қарап, еш жерде қалдырмайтынын айтты.
Бұдан кейін тәртіп сақшылары ойын клубына барды. Бұнда кәмелет жасына толмаған 16 жастағы жасөспірімді анықтады. Ол түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз клуб жағалаған.
Бұдан кейін алдын алу шарасы түнгі клубтің бірінде жалғасты. Онда келген меймандардың төлқұжатты тексерілді. Айта кетейік рейд барсыныда 20 бұзушылықтың жолы кесілді. Түнгі уақытта балаларына қарамаған 14 ата ана жауапкершілікке тартылды. Жасөсіпрім операциясы 6 мамырға дейін жалғасады.
Әйгерім Тоқпанқызы