12 сәуір күні өңірімізде облыстық сенбілік өтті. Оның барысында облыс орталығында іске асырылған көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен өңір басшысы Асайын Байхановта танысты. Аймақ басшысы әуелі отырғызылған көшеттердің бүгінгі келбетін тексерді. Бұдан кейін биыл ортатылатын балалар ойын алаңдарына барды.

Алдымен аймақ басшысы былтыр Астана көшесіне отырғызылған 59 ағаштың жай-күйін қарап шықты. Бұл көшеттердің тамыр алуы 100 пайыз. Алайда нақты нәтиже 2-3 апта ішінде белгілі болады. Айта кетейік, қазірдің өзінде 360 ағаш отырғызылды. Жақын арада тағы 640 көшет егіледі.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Әр ағаш жылына 200-300 л су ішіп жерден алып, жоқ дегенде 3-4 куб кислародты шығару байқалатын болса, жас 10-15 жылдық ағаштарда. Ал 40-45 жылдан кейін бұның тиімділігі 70-80 пайызға түседі. Сондықтан бұл ескі ағаштарды қиып тастап орнына жаңа ағаштарды отырғызу, яғни реконструкция процесін жүргізу керек. Біз бұған мәжбүрміз. Бұл біздің ойлап тапқан идеямыз емес. Сондықтан бұны әрі қарай дамытып, ертеңгі күні қаланың өкпесі жақсы жұмыс істеу үшін, біз бүгінгі күні ағаштарды ауысытру керекпіз. Біз бұған мәжбүрміз. Басқа амал жоқ.

Мамандар биыл отырғызылып жатқан ұсақ жапырақты ағаштарға ерекше күтім қажет екенін атап өтті. Ол жақсы өсіп кетуі үшін арнайы микроорганизмдер пайдаланылады. Жерді жақсарту үшін хлорелла мен хламидомонада сияқты балдырлар қосылған тыңайтқыштар қолданылады. Бұл әдіс топырақтың құрылымын жақсартып, тұздануды азайтады. Тамыр жүйесінің дамуына көмектеседі.

Татьяна Пономарева, биолог-эколог маманы

Аллея көрікті болуы үшін ағаштар қатар-қатар, біркелкі отырғызылуы керек. Егер кейбір ескі, бірақ әлі тірі ағаштарды қалдырсақ, бәрібір 4-5 жылдан кейін оларды кесуге тура келер еді. Бұл аллеяның көрінісін бұзады. Одан бөлек, экологиялық пайдасы да аз болар еді. Сондықтан көгалдандыру – бұл жай ғана сән емес, қажеттілік. Қазір мұндай жұмыстар барлық қалаларда жүріп жатыр. Өйткені бұрынғы ағаштардың бәрі бір уақытта отырғызылған. Ал қалада ағаштар табиғи ортаға қарағанда тез ескіреді. Сондықтан мұндай жаңарту жұмыстары уақыт талабы.

Сенбілік аясында облыс әкімі қаладағы балалар ойын алаңдарының орнатылу барысымен де танысты. Биыл Павлодарда 50 аулада жаңа ойын алаңдарын салу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 12-сі толық аяқталды. Олжабай Батыр 15 көшесінде орналасқан ойын сауық алаңын облыс әкімі өз бақылауына алды.

Әнуарбек Аманов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Бұл алаңдардың сапасы – толықтай сіз тапсырғандай, «Романа» фирмасының өнімдерінен жасалған. Сондай-ақ, биылғы жылы сіздің тапсырмаңыз бойынша биіктігі 70 см-ден асатын қоршаулар орнатылып, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Қазір біз жұмыстарды аяқтаған алғашқы аулалардың бірі – осы. Жалпы, 50 ойын алаңын 1 маусымға дейін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Алаңдарда 14 түрлі ойын элементі, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен биік қоршаулар орнатылады. Бұл мақсатқа 669,8 миллион теңге бөлінді. 2027 жылға дейін Шаһардағы барлық аулалар заманауи ойын алаңдарымен қамтамасыз етіледі.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Жалпы Павлодар қаласында 610 аула бар. 2021 жылы 107 аула абаттандырылды. 2022 жылы 175 ойын алаңы орнатылды. Ал 2023 жылы 100 алаң, өткен жылы 32 алаң салынды. Биыл 50 аулаға ойын алаңы орнатылады деп жоспарланды. Онда келер жылға 43 аула қалады. Яғни, келесі жылы барлық аулаларды толық абаттандыру жұмыстары аяқталады.

Облыстық сенбілік аясында Павлодар қаласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Көшелер мен саябақтар жиналып, жаңа ағаштар отырғызылды.

Сабина Жолдаспаева