Жыл басынан Павлодар қаласында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы 2-тармағына сәйкес, түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүргені үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылған. Жасөспірімдерге байланысты құқық бұзушылықты алдын алу үшін қандай шаралар өткізілуде? Әріптесім тарқатсын.

Негізгі назар – жастарға аударылуда. Заң бойынша 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың, әсіресе заңды өкілінсіз , түнгі уақытта жүруі болмайды. Павлодар станциясында «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында кешенді профилактикалық шаралар жүргізілуде. Аталған шаралардың басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабына сәйкес, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілінсіз жүруі – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Байтұрсын Жұмабай