«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын аумақтың бірі. Шаруашылықта өрт қаупі бар маусым 7 сәуірде басталған екен. Осыған байланысты орман алқаптарындағы патрульдеу жұмыстары күшейтілді, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен құралдарының техникалық жағдайы тексеріліп, толық дайындықтан өткізілді. Орман өрттерімен күреске дайындық жөнінде алдағы сюжеттен көрейік.

Резерваттың тұрақты штатында қазір 105 қызметкер болса, өрт қаупі бар маусым кезеңінде бұл сан 400-ден астам адамға дейін артады. Негізгі назар — өрт сөндіру техникасының жүргізушілері мен өртті сөндіруге тікелей қатысатын арнайы дайындықтан өткен мамандармен жасақты толықтыруға аударылған.

Қазбек Әметов, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының М.А.

Бұл өртке қауіпсіздік уақытына дейін орманның маңайындағы қауіпті жерлерде шөптерді өртеу жұмыстары 516 га жүргізілді. Одан бөлек алдығы қойған мақсаттарымыз минералды жолақтар бар, соларға 9645 км жасаймыз және жаңадан жолақтар салу 570 км болады. Одан бөлек аншлаг дейміз, агитация дейміз, соған 51 аншлагтар орналастырылады.

Үстіміздегі жылы орман өрттерін ерте анықтау жүйесі орнатылған еді. Бұл жүйе тиімді жұмыс істеп тұр. Бұл арқылы өткен жылғы 38 өрттің 20-сы дәл осы бейнебақылау жүйесі арқылы жедел түрде анықталған. Бұл — әрекет ету уақытын қысқартып, келтірілген залалды азайтуға көп мүмкіндік берді.

Қазбек Әметов, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының М.А.

Өрт саны 38 болды. Оның 20 сы өрт бейнебақылау жүйесі арқылы анықтадық. Қалғандары авиапатрульдермен, кісілермен және мұнаралық вышкада отырған арқасында. Одан бөлек бізде 38 жағдай болса, 38 жағдайдың 80 пайызы бізде найзағай кесірінен болды.

Айта кетейік, өрт қаупі бар маусымда 38 ірі өрт сөндіру көлігі, 49 шағын орман патрульдік кешені,41 өртке қарсы жабдығы бар трактор, 11 орман өрт сөндіру станциясы.жұмыс істейді.

Қымбат Садық