Мемлекет басшысы елді жаппай көгалдандыру аясында 2 миллиард ағаш отырғызу керек деген тапсырма берген еді. Осы мақсатта «Ертіс орманы» резерватында орман егу науқаны басталып, қазір тұқымбақтағы өсімдіктерді қазып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, экологиялық акциялар барысы қалай өтуде? Толығырақ алдағы материалдан көрейік.

Орман байлығы біздің өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша маңызды. Тіпті әлем бойынша десек те артық болмас. Өйткені, атмосферадағы оттегі осы орманнан бөлінеді. Яғни, жер бетінде орман болмаса адамзаттың өмір сүруі де тоқтайтын еді. Демек, Ертіс орманы резерватына жататын Шалдай орманы өңіріміздің баға жетпес байлығының бірі. Қазір мұнда тұқымбақтағы өсімдіктерді қазып алу шаралары атқарылуда.

Сырым Елемесов, «Ертіс орманы» резерваты бас директордың орынбасары

Биыл осы питомникта 8 млн 600 мың дана өсімдік өсірдік, соның бәрі егіледі орманға. Болашақта мен ойлаймын 75 пайыздан астам қабылданса, ол 6 млн астам ағаш өседі қарағай. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бар, 2 млрд ағаш егу Қазақстан бойынша, соған үлесімізді қосып жатырмыз. Негізі эоспар бойынша 2114 га егу керек, Президенттің тапсырмасына қарағанда енлі қосымша тағы 500-600 мың ағаш егеміз жыл сайын.

«Ертіс Орманы» резерватында қазір агротехникалық жұмыстардың маңызды кезеңі, яғни, отырғызылатын материалды дайын учаскелерге көшіру жүреді. Екі жылдық көшеттерді қазып алу – орманды қалпына келтірудің ең жауапты процестерінің бірі екен анық. Сондықтан мұнда 50-ден астам адам тыңбай еңбек етуде.

Сырым Елемесов, «Ертіс орманы» резерваты бас директордың орынбасары

Осы тұқымбақта әр жыл сайын тұқым себіледі. Және ол тұқым өскен соң өсімдіктер 2 жыл өсіріледі осында. Орман алқабына егуге жарамды өсімдіктер ол екіжылдық. Өзі стандарты болады, жоғары жағы 10 см жоғары жасыл қылқандар, тамырлы жердің астындағысы 25-30 см.

Жалпы резерватта 2 орман тұқымбағы бар. Материалдарды отырғызу барлық талаптарға сай жүргізіледі. Көшеттер сапасына қарай іріктелініп алады.

Сырым Елемесов, «Ертіс орманы» резерваты бас директордың орынбасары

Бұрынғы кезде өртеніп кеткен орман орындары өз бетімен қалыпна кел алмайды. Негізгі себебі тұқым себебтін қарағай аз қалды. Біріншіден ол көп уақыт алады, екіншіден қарағайдың орынына теректер өсіп кетеді. Сол болмас үшін адам осы табиғатқа болысу керек. Сол қарағайларды тұқымбақта өсіріп, орманға барып егеміз.Кейін үлкен дәрежеге жеткенде өзінің қалпына келтіру әдістері бар, сирету, жаман ағаштарды алып тастау, жақсысын қалдыру.

«Ертіс орманы» биыл 2500 аумаққа ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Ал, резерватқа жататын Шалдай өңірдің ірі орман шаруашылығы. Өзінің табиғи тартымдылығымен інжу-маржандарының біріне айналып та үлгерген.

Қоршаған ортаны жақсартуға және жастардың экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған бастамалардың маңызы зор. Тек жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында резерват қызметкерлері облыстың жеті ауданының мектептерімен бірлесіп, қарағайдың 8 мың тұқымын отырғызған.

Гүлнар Елемесова,«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының экологиялық ағарту маманы

Жаңа жоба аясында орманшылықтар аумағын көркейту үшін 2 мыңнан астам жеміс-жидек көшетін отырғызуды ұйғардық. Бұл экологиялық қана емес, әлеуметтік жағынан да маңызды бастама деп ойлаймын. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындар бұл жидектерді өз қажетіне пайдалана алады, сонымен қатар олар жабайы жануарларға да азық болады. Кеше бұл акция «Белгібай» орманында басталды, онда 150 көшет отырғызылды. Ал енді міне жұмыстар Шалдай ауылында жалғасын табуда. Ертең бұл бастамаға Шарбақты ауылының мектептері де қосылмақ. Алдағы уақытта басқа да мекемелер қатысып, өз үлестерін қосады деп ойлаймын.

Ағаш отырғызуға орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер мен жастар белсенді атсалысты. Осылайша «Ертіс орманы» резерваты да көркейе түспек.

Қымбат Садық