Қоршаған ортаны қорғау мәселесі баршамызды алаңдататыны анық. Жыл сайын өңірде ауаға ұшатын шығарындылардың нақты көлемі 700 мың тоннаны құрады. Былтырмен салыстырғанда 6,5 мың тоннаға азайды дейді мамандар. Бұл жөнінде экологтар брифинг барысында айтты.

Павлодар өңірі табиғи қазбалар мен минералдарға бай өлке. Әрине, қоршаған ортаны қорғау мәселесі біздің аймақта өзекті тұр. Жыл сайын зауыттардан шығатын қалдықтар ауаны ластап, экологияға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан мамандар кәсіпорындарға барып, талдау жүргізеді.

Әсет Сыздықов, Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары

Әр кәсіпкер экологиялық рұқсат қағазы, лимиттері белгіленген. Мысалы Аллюминий Қазақстан жылына 100 мыңдай шығын шығару керек. Ол жылдық. Бірақ ол грамм секунд деген бар. Сол грамм секунды біз тексереміз. Мысалы бізге өтініш келіп түссе, арыз келіп немесе өзіміздің список бойынша тексеріс болса белгіленген лимиттен асып түссе онда біз штаф қолданамыз.

 Ауаға таралатын улы заттардың 66%-ы жылу энергетикасына, 8,5%-ы қара металлургияға, 17%-ы түсті металлургияға тиесілі екен. Екібастұз қаласында бұл көрсеткіш басым тұр.

Әсет Сыздықов, Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары

Біздің жалпы шығындылар саны лимитпен барлық кәсіпорындарды санағанда 926 мың тонна шығындылар құрайды. Бірақта нақты көлемдер 2024жыл бойынша 700 мыңнан төмен түсті. Ол бір показатель деп санаймыз өзіміз үшін. Шығындылар негізінен Екібастұз қаласына 44 пайыз келеді. Ақсу қаласына 26 пайыз Павлодар қаласына 26 пайыз келеді.

Бұған қоса қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, заңсыз қоқыс орындары көбейген. Павлодар өңірінде 205 қоқыс орны анықталған екен Адамның өмір сүру деңгейі мен денсаулығына жағымсыз әсер ету қаупі неғұрлым жоғары болса, санитарлық-қорғау аймағы соғұрлым ауқымды болуы тиіс. Бекітілген ережерлерге сәйкес зауыт аумағында жасыл қордың 40 пайызы егілуі керек. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы биыл да жалғасады.

Әйгерім Тоқпанқызы