Павлодарлық дәрігерлер ауыл тұрғынының өмірін ұзартты. Бұл мақсатта жүректің қызметін жақсарту үшін имплантацияланған кардиовертер-дефибриллятор құрылғысын орнатты. Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жасалды.
Кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялаудың құны сегіз миллион теңгеден асатын қымбат операция. Алайда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жерлесімізге бұл ота тегін жасалды.
Серікпай Молғаждаров, Ертіс ауданының тұрғыны
Мында варчтар онды кісі, сыйлап тұрады. Доктор қайта қайта жібереді, оның жанына санитаркалар бірге барады . Жүре алмайтындарды коляскамен апарады, сонда тосады, врачтан шыққан соң тағы палатаға алып келеді , жатқызып бәрін істейді.
Мұндай жағдай дәрігерлер тәжірибиесінде сирек кездеседі дейді ақ халаттылар. Бұл пациентке 2014 жылы аортокоронарлық шунттау жасалған, яғни бұл жүректегі қан айналымын қалпына келтіруге көмектескен.
Серікпай Молгаждаров – Северный ауылында тұрады. Уақытында медициналық көмек көрсеткен мамандарға риза.
Акерке Әкілжанова, кардиологиялық орталықтың кардиолог-дәрігері
Біздің бөлімшеге 60 жастағы науқас түскен. Жүрек жетіспеушілігі клиникасымен, және де 13 процентпен түсті. Кардиовертер-дефибриллятор орнаттық. Бұл операция науқастың өмір жасын ұзарту үшін және жедел аяқ асты жүрек тоқтап қалуынан сақтайды.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы қазір қалыпты. Жақында үйге шығады. Енді оған жүректің кенеттен тоқтауы қорқынышты емес, өйткені оны алдын ала байқайтын құрылғы орнатылды.
Қымбат Садық