Естай мәдениет сарайында Жеңістік 80 жылдығына орай, ардагерлер арасында ұйымдастырылған өнер байқауының гала концерті өтті. Оған өңірімізде тұратын ардагерлер ат салысты. Облыстың қарт тұрғындары өнерлерін көрсетіп, қайсар болмыстарын паш етті.
Ерлік жайлы сөз ешқашан таусылмақ емес. Ерлік жайлы ән әрқашан асқақ. Жыр шумақтары халықтың жүрегіне жақын. Жеңістің 80 жылдығына арналған гала концертте ардагерлер осы рухты еске түсірді. Айтулы шарамен ардагерлерді құттықтап, облыс әкімінің орынбасары ат басын бұрды.
Қарты бар елдің қазынасы бар. Ғұмыр бойы жинаған өмірлік байлық бүгінгі жас ұрпаққа қажет. Олардың салған әні мен салтанатты ғұмырларының қз көпке үлгі.
Ардагерлер сахнада әр түрлі ән салып, жыр толғады. Ерлік әнін әспеттеп, от жігерді паш етті.
Жанасыл Серікбол