Қаланың қақ ортасындағы Лермонтов көшесі қазір нағыз құрылыс алаңына айналған. Жол қазылып, түрлі техника күндіз-түні жұмыс істеуде. Бұл уақытша қиындық тудырғанымен, қайта жөндеуден өткеннен кейін көше қала тұрғындарына жайлы бола түспек. Мұндағы жұмыстар туралы алдағы сюжеттен көрейік.

Қазір қала тұрғындары Лермонтов көшесінің бойымен еркін жүре алмай қиналып жүр. Жолдың бойы әр жерден қазылып, техникалар жүйткіп, жұмысшылар күн-түн демей еңбек етіп жатыр. Бір қарасаңыз — ыңғайсыз, ал бұл – үлкен өзгерістің бастамасы. Жергілікті билік жөндеуден кейін Лермонтов көшесі жаңара түсетінін айтады.

ӘНУАРБЕК АМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қайта жаңартылатын учаскенің жалпы ұзындығы екі километрді құрайды. Луговая көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін жөнделеді. Жобаның жалпы құны алты жарым млрд. теңгені құрап отыр.Бұл көше толығымен қайта жөнделеді, яғни, мұнда көлік қоятын тұрақ орындарын орнату, жасыл желектерді көптеп отырғызу, сондай-ақ көше жарығын қайта қалпына келтіру сияқты ауқымды жұмыстар атқарылады.

Мұнда қиылыстардың барлық жағынан қауіпсіздік алаңдары енгізіледі. Жобалаушылардың болжамы бойынша, бұл жол-көлік оқиғалары санының азаюына ықпал етеді. Бұдан бөлек, балалар мен спорт алаңдары, құрғақ су бұрғақ, жылы аялдамалар орнатылады. Және шағын сәулет формалары, сауда павильоны бар тамақтану аймағыда болады.

ӘНУАРБЕК АМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Негізгі жұмыстар көше бойын баршаға қолайлы ету мақсатында жүріп жатыр. Жаяу жүргіншілерге де, велосипед тебетіндерге де, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да ыңғайлы жағдай жасалады. Жаяу жүргінші мен жүргізуші ғана емес, велосипед айдайтындар мен автобуспен қатынайтындар да ұмыт қалмайды. Көшеге қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақ пен веложол салынады.Айта кетейін, жобаны түзету қандай да бір техникалық қиындықтар туындаған жағдайда немесе құрылыс монтаждау жұмыстары кезінде ақау болса ғана түзету туралы шешім қарастырылатын болады. Бірақ, қазіргі жөндеу жұмысының кезеңі ешқандай түзетуді қажет етпейді.

Инфрақұрылымды жаңғыртудан бөлек, Лермонтов көшесін жасылдандыру да жоспарланып отыр. Гүлзар егіліп, оларды автоматты суару жүйесі орнатылады, яғни өсімдіктерге күтім тұрақты түрде жүргізіледі. Айта кетейік, жоба екіжылдық. Толық жөндеу жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады деп күтілуде.

Қымбат Садық