Биыл 172 мың гектар аумақта қансорғыштарға қарсы биологиялық және химиялық өңдеу шаралары жүргізіледі. Осылайша, өңделетін аумақ көлемі былтырғымен салыстырғанда 25 пайызға ұлғайды. Улау жұмысы қашан басталады? Тілшіміз тарқатып айтсын.
Өңірде шыбын-шіркейлерді улау басталды. Биыл ғылыми топтың сүйемелдеуімен 182 мың келі биологиялық, 14 жарым мың келі химиялық дәрі дайындалды. Қазір өңдеу Тереңкөл және Май аудандарында басталып кетті. Қансорғыштар қанаттанбай тұрып олардың дернәсілі жойылуы керек.
Дияр Қайыркенов Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары
Бүгінгі таңда бізде өңдеу жұмыстары басталды. Еі біріншіден өздеріңіз білесіздер бұл ауа райына байланысты. Күрт өзгеруі, жылуы, Бірінші кезекте қазіргі таңда Тереңкөл және Май ауданында басталды. Ынталы, Байқоныс ауылы және Май ауданы бойынша Көктөбе ауылында басталды жұмыс. Ол бізде дернәсілдердің дамуына байланысты сондықтанда бізде қазіргі таңда жұмыстар басталды.
Улау жұмыстары әуе және жаяу жүру арқылы жүргізіледі. Ертіс өзені жайылмасында жоспарға сай 10 ұшақ дәрі себеді. Биыл улау жұмыстарына 100-ден аса адам жұмылдырылады. Сондай-ақ облыс қалаларында су басуға бейім көпқабатты үйлердің жертөлелері де өңделуде. Екібастұзда зиянкестерге қарсы улау 300 үйдің жертөлесінде, ал Ақсу шаһарында 12 баспанада жүргізілді.
Дияр Қайыркенов Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары
Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында көпқабатты үйлердің жертөлелерін өңдеу басталды. Павлодар қаласында 46 жертөле болса бүгінгі таңда 36 өңделді. Егер де Павлодар қаласы тұрғындарының өтініштері болса қосымша жертөлені өңдеуге шығады.
Биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Ахметов өңірдегі шыбын-шіркейге қарсы күрестің жайын жақсы білетін маман. Ғалымның ақыл-кеңес беруімен жыл сайын мамандар тобы әуелі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, одан соң өңдеу шараларына кіріседі. Оның айтуынша, жыл сайын маса-шіркей дернәсілдерінің жаңа түрі кездеседі.
Қанат Ахметов, биология ғылымдарының докторы, профессор
Әлемде жылыну процесстері өтіп жатқаны ешкімде жоққа шығармайды. Бұл процесстер әрине, бізге де әсер етеді. Біздің докторанттар болса, сол мәлімет бойынша бұрын бізде кездеспеген шіркей түрі анықталды. Оныңтіпті қазіргі күні жарияладық. Бұл түрлер қалай бізге келді. Бірден жалпы жылыну процесстерінің әсері, екіншіден имгус ересек түрлері келіп қалу мүмкін.
Ертіс өзенінің арнасы үш рет өңделеді. Усолка ауданынан темір жол көпіріне дейін жүргізіледі. Айта кетейік, Ертіс өзені әлі тасыған жоқ. Биыл жайылманың 70-80 пайызын су басады деп болжанып отыр. Айта кетейік өңірде зиякестермен кешенді күресу үшін 3 жылдық бағдарлама бекітілді. Бұл жоспарға 8,6 млрд теңге бөлінді.
Әйгерім Тоқпанқызы