Павлодар қаласында «Таза су айдындары» атты экологиялық акция өтті. Шараны Жер қойнауын пайдалану басқармасы мен Балық шаруашылығы инспекциясы бірлесіп ұйымдастырды. Оның барысында Ертіс өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды.
Акция қатысушылары бір күннің ішінде 400 келіге жуық тұрмыстық қалдық жинады. Пластик бөтелкелер, пакеттер, темір және басқа да заттар болды. Бұл акция табиғатты қорғау мен қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Малика Ильясова, жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары
Шара «Таза су айдындары» акциясы аясында өтті. Мұндай шараларды бірнеше рет өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бастама өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Тұрғындарға табиғатты аялау керектігін еске саламыз.
Айта кетейік, «Таза су айдындары» акциясы алдағы уақытта да жалғасады.
Сабина Жолдаспаева