Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға 100-ге жуық жұмыс іздеуші келді. 30-ға жуық мекеме қатысып, түрлі вакансия ұсынылды. Жалпы, облыста қандай мамандар тапшы? Келесі сюжетте көрейік.

Жұмыс берушілер техникалық, қызмет көрсету және өндірістік бағытта бос орындар ұсынды. Жәрмеңкенің мақсаты жастар мен жұмыссыз жүрген азаматтарды еңбекке тарту, нақты жұмыс орындарын ұсыну. Шарада түйіндеме қабылдау мен кеңес беру сынды қызметтер қатар жүрді. Мамандар мұндай шараның нақты нәтиже беретінін алға тартады.

Жандарбек Қабдраш, жастарға қызмет көрсету орталығының басшысы

Осы жылы жұмысшы мамандықтар жылы деп айтылған. Сондықтан осы жыл аясында өткізіп жатқан шаралардың бір. Жалпы айтқанда осы жылы 2 рет өткізіп жатыр жәрмеңке. Қазіргі таңда осы сұранысқа ие болып жатқан, техникалық мамандықтар көп. Біз енді өнеркәсіптік өңір болғандықтан. Зауыттар толы. Сондықтан техникалық мамандықтар қазір жастар арасында дифицит деуге болады. Қазір жаз айы келе жатыр. Сондықтан 14-16 жастағы балалалар да жұмыс іздеуде. Сондықтан оларға арналған даяшы, сатушы жұмысына орналасуға мүмкіндіктерін іздестіреміз. Жасыл ел мекемесі де осында қатысуда. Жазғы маусымда жұмыс істеуге болады. Ал негізгі санатымыз 35 жасқа дейін, бірақ біз шектеу қоймайымыз. 40-50 жаста жұмыс іздеуде болса, онда жұмыс берушілерге жақындап, сұрастыруға болады.

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеп келген азаматтарға түрлі сала бойынша кеңес берілді. Жеңіл жұмыс қажет ететіндер, өз саласы бойынша еңбек еткісі келетіндер алаңнан өзіне қажет мәлімет алды. Белсенді қатысушылардың қатарында еңбекке енді араласатын жас мамандар басым болды.

Айсұлу Орунгожина, студент

Мен алғашқы рет жәрмеңкеге келдім. Менің ойымша маған дрон, яғни шекара қызметінде дрон деген мамандығы қызық болды. Одан бөлек халық банктың қызметтері де қызықты. Мен колледжі аяқтағаннан кейін, өзімнің мамандығым бойынша жұмыс істеймін. Қазіргі заманда өзіңнің мамандығың бойынша жұмыс табу қиын. Бірақ соған қарамастан, талпыну керек. Жұмыс болмаса ақша болмайды. Ақша болмаса күн көріс болмайды. Сол үшін әрқашан жұмысқа талпыну керек.

Мүбарак Едіге, студент

Менің мамандығым есептеу техникасы және ақпараттық желілер. Мен осындай жәрмеңкеге бірінші рет келіп отырмын. Мен өз болашағымда кибербезопасность деген мамандыққа байланыстырғым келеді. Сол мамандықты дамытқым келеді. Өзіме де ұнайды осы мамандық. Мында полиция, құтқарушылар мамандықтары да бар. Солар да өте қызық. Осы жәрмеңке өте жақсы.

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеп келген 100-ге жуық адамның жартысына жуығы екі қолға бір күрек табады.

Сабина Жолдаспаева