«Ертіс орманы» табиғи резерваты 931 млн теңгеге техника жаңартты. Ең маңыздысы оның қатарында 34 заманауи өрт сөндіргіш жеңіл көлік бар. Бұл орманды тиімді қорғауға, өрт кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Экология министрлігі мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен «Ертіс Орманы» резерватында өрт сөндіруге арналған арнайы заманауи машиналар лизинг арқылы сатып алынды. Бұл 34 шағын орман патрульдік көлігі, әрқайсысының құны – 22 миллион теңге. Олар өрттің тұтануын ерте анықтау үшін арнайы жабдықталған.
Қазбек Әметов, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының М.А.
Жеңіл өрт сөндіргіш көліктер жак базасымен алынған, оның артында 300 л ёмкосты бар және басқа құралдармен жабдықталған өрт сөндіруге арналған. Бұл жанған жағдайда тез барып өшіріп алуға арналған техника. Ал үлкен техникалар бізде 1/5 объмнан, 5 тонна обьемға дейін бар 02:17 +++++ 00:41....Оның барлығы бізге бірінші өртті анықтау, тезірек барып өшіру мақсатында көп көмегін тигізеді деген алда жоспарымыз бар.
Сонымен қатар, резерват 100 және 82 сериялы 15 трактормен де толықты. Парктегін ескі техника 2004 жылдан басталады екен.
Қазбек Әметов, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының М.А.
23 жылы бізде 5 тонналық 3 камаз алынған жаңа. Оның алдындағы техникалардың барлығын 15 жылы алынған. Бірақ, 38 өрт сөндіргіш техникалары бар. Оның барлығын бүгінге күнге дейін өрт сөндіру жұмысына 100 пайыз дайындығы бар.
Жаңа көліктер орманшыларға теңдей бөлінеді, бұл резерват аумағында өртке уақытылы әрекет етуді қамтамасыз етеді. Автопарктің жаңартылуы тек өрт ошақтарын жоюға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер санын арттыруға да мүмкіндік бермек. Жақын уақытта бұл мәселе де шешімін табатын болады.
Қымбат Садық