Павлодар ауданы Бірлік ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды. Ауылға облыс әкімі Асайын Байханов арнайы барып, нысанды уақытынды аяқтауды тапсырды.
Бірлік ауылына білім ордасының қажеттігі айдан анық еді. Өйткені, мектеп жасындағы 100 ге жуық бала көрші Заря ауылына барып оқып жүр. Биылғы оқу жылынан бастап балалар өз үйлерінің қасында алаңсыз оқымақ. Ең бастысы мектепттің педагогикалық құрамын жасақтап алу міндеті тұр.
Артынша аймақ басшысы ауылдықтармен кездесті. Тұрғындар елдімекенде болып жатқан игілік үшін қуанышты екендіктерін жеткізді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мектептің ашылуына кездесейік. Құрылыс жүріп жатқанда ер азаматтар қатысссын. Іргетасын көтеріп жатқанда қатыссса жақсы ғой. Жұмыс орыны жайлы ауылдықтар мұғалім болмаса да 20 орындай жұмысшы орындары бар. 20 адамның ішінде Дидар Елубекұлы, бірінші кезекте ауылдықтарды аласыздар ғой жұмысқа. Сосын толықтай педагогтармен қамту керек.
Білім ордасы 120 орынға шақталған: 80-і оқушы орны, 40 орын шағын орталыққа арналған.
Жанасыл Серікбол