Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінің жетекшілері оқу-жаттығуға қатысты. Шара барысында жаңа жылукамералар мен экшн-камераларды сынақтан өткізді. Оқу-жаттығудың қалай өткенін келесі бейнематериалдан көрейік.
Құтқарушылардың жұмысына түтін жиі кедергі келтіреді. Кейде қою иіс соншалықты қалың болғандықтан, айналада ештеңе көрінбей кетеді. Осы мақсатта арнайы оқу жаттығу ұйымдастырылды. ТЖД қызметкерлері қараңғыда жұмыс істеу, бағытты табу тәсілдерін үйренді.
Рустамбек Әмрин, Павлодар облысы ТЖД бастығы
Бұл оқу-жаттығудағы басты мақсатымыз — басшылық құрамды жаңа техникамен таныстыру. Биыл бізге жылукамералар мен экшн-камералар берілді. Бұл құрылғылар түтін арасынан көруге, алыстан бақылауға мүмкіндік береді. Жағдайды нақты бағалап, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Құтқарушылар бағытты, жарық беретін арнайы арқанның көмегімен тапты. Бұл жабдық қауіпсіз жолды көрсетеді. Яғни, бағыттан адасуына жол бермейді. Айта кетейік, оқу-жаттығу барысында пайдаланылған түтін шынайы болды. Бұл – жай ғана көрініс емес екендігін ТЖД басшысы атап өтті.
Сабина Жолдаспаева