Еске сала кетейік, 18 сәуір күні Ақмола облысында оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. Оқиға «Астана – Ерейментау – Шідерті» тас жолында орын алды. Жүк көлігін басып озбақ болған жүргізуші, рөлге ие болмай, автобус аударылып кеткен. Салдарынан жаттықтырушы оқиға орнында көз жұмды. Ал көлікте болған 16 бала түрлі дене жарақатын алды.
Жарақат алған балалар алдымен Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізілді. Кейін, 13 жастағы ер бала ауыр жарақатпен, 19-і күні санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына тасымалданды. Баланың жағдайы тұқарқты.
Ерасыл Әсетов, Павлодар облысы балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері
Реанимацияда жатқан балада басында ушиб головного мозга деп қойылды. Ол жақта керекті көмек көрсетілді. Содан кейін осы жаққа алып келді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Біз жақта КТ, Ренген, узи бәрін жасадық. Қорқынышты өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. КТсында басында сүйегі сынған болып анықталды. Линейный перелом затылочной стороны. Бірақ ол жерге ешқандай гемотома жоқ.
Айта кетейік, 16 баланың 5-еуі Павлодар облыстық балалар ауруханасына жүгінді. Оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Қалған үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ата-анасының қолхатымен үйлеріне жіберілді. Жасөспірімдер 14 пен 16 жас аралығында.
Ерасыл Әсетов, Павлодар облысы балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері
ДТП жағдайда аман қалу әрине ең бірінші ойлаймыз балалардың періштісі бар деп. Сол секілді көбінесе ДТП кезінде бас ми жарақататтарының ауыр түрі болады көп жағдайда. Бірақ бұл екі баладан соншалықты ауыр жарақат болмаған. Енді бұл құдайдың қаққаны деп айтсақ болады. Қалған 3 бала жақсы. Негізі 2 бала жатты, 2 бала үйіне кетті. Бір балада ушивно рвнное рана болған, тігіп үйіне қайтардым. Бір бала ушиб колленнего сустава ол да үйге қайтарылды. Ал екі бала біреуі перелом ключица мен ушиб головного мозгамен бізде жатыр.
Ақ халаттылардың айтуынша, бүгінде ауруханада жатқан екі баланың жағдайы тұрақты. Олар шамамен 5-7 күн бойы мамандардың бақылауында болады.
Сабина Жолдаспаева