«Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында. Президенттің бастамасымен елімізде жаңа мереке – Ұлттық кітап күні белгіленді. Енді жыл сайын 23 сәуірде ел көлемінде кітап көрмелері, ақын-жазушылармен кездесу, оқу марафондары және мәдени шаралар ұйымдастырылады. Жалпы, қазіргі буын не оқып жүр? Жастар кітапханаға бара ма, әлде барлығы цифрлық әлемге көшті ме? Тілші әңгімесінде.
Павлодар қаласының тұрғыны Яасан Нұрдәулет, 1 курс студенті. Әдеби шығармаларды қолыма алып, парақтап оқуды ұнатамын, Ерекше әсер береді, Студент үшін кітап – тек оқу құралы ғана емес, ой-сананы өсіретін, тұлға ретінде қалыптастыратын даналық көзі, дейді болашақ заңгер. Қазір жастардың ой өрісі кең, көкірегі оян. Гаджеттен гөрі, кітапты серік етуге бейіл. Себебі, кітап – білімнің көзі, рухани дамудың тірегі.
Яасан Нұрдәулет, студент
Мен үнемі осы кітапханаға келіп кітаптарды оқимын. Өзім 1 курс студентімін. Универден бөлек Білімді толықтыру ретінде Асанәлі Ашимовтың кітаптарын оқып жүрмін соңғы кезде. Қазір жастар көп кітап оқу керек деп ойлаймын. Себебі телефон миға мусор ақпаратты толтырады.
Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда кітап оқуға қызығушылық арта бастаған. Бұл үрдіс әсіресе мектеп жасындағы балалар мен жастар арасында байқалады. Павлодар қаласында облыстық кітапхана жанынан Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығы жұмыс істейді. Рухани орданың есігі демалыс күні де ашық.
Айлана Ирангалиева, Павлодар қаласы М.Жүсіп көпеев атындағы мектептің 2 сынып оқушысы
Біз демалыс күндері кітапханаға барып қызықты ертегілерді немесе кітаптарды оқимын. Маған өте қызықты.
Ислам Сонговой, 8 сынып оқушысы
Мен осы кітапхананың тұрақты оқырманымын. Мектеп оқушысымын. Мен сізге Абайдың бір өлеңін айтып берейін.
Жәния Дүйсенбаева, Павлодар қаласы Б.Момышұлы атындағы мектептің 2 сынып оқушысы
Мен демалыста осы кітапханаға келемін. Осы жерде кітап оқимын. Қазір балаларға кітап оқу керек. Ұялы телефонды тастау керек.
Қазір кітапханаларда тек кітап қана емес, оқырманға арналған түрлі қызмет түрлері, ашық алаңдар, шығармашылық кездесулер мен цифрлық ресурстар ұсынылады. Сондай-ақ үйірмелер жұмыс істейді.
Алпысбай Хонж, С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығы басшысы
Бүгінгі таң әжептәуір бай деп айтуға болады. Біздің кітапханамызда алуан түрлі кітаптар бар. Оқырман керегін іздеп алып жатады. Осы 2024 жылы әсіресе бізге жаңа кітаптар көптеп түсе бастады. Бұл өте қуантарлық жағдай. Енді біз ай сайын мониторниг өткізіп отырамыз. Сараптама өткізіп отырамыз. Осыған тоқталатын болсақ ең көп оқылатын кітаптар биылғы жылдың мерейтой иелері кітаптары және фантастикалық туындылар. Коммекстер бізде оқылады. .. оқушылар жас жеткеншектер арасында сұраныс жоғары.
Кітапхана – тек оқу орны ғана емес, мәдени, зияткерлік әрі әлеуметтік орталық. Уақыт өткен сайын келушілерінің қатары артып келеді. Өйткені бұл – ой бөлісетін, дамуға жетелейтін, жаңашыл идеялардың бастау алатын мекені. Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз? Әлеуметтік желіде ұзақ отырғанша, бір сағат кітап оқыған пайдалырақ.
Әйгерім Тоқпанқызы