Павлодар қаласында ұлттық спорт түрі – көкпардан жастар арасында облыстық чемпионат өтті. Бұл дүбірлі додаға өңірдің әр ауданынан келген 9 команда қатысты. Тартысты өткен турнирдің қалай өткені жайлы тілшіміз тарқатады.
Көкпар – қазақ халқының ұлттық ойыны ғана емес, рух пен намыстың символы. Бұл чемпионат республикалық додаға іріктеу. Жыл сайын өтетін дәстүрлі жарыста жастардан құралған топ өз шеберліктерін паш етті.
Амангелді Солтанов, Павлодар облысы «Көкпар» федерациясының президенті
Бұл енді Ақкөлдік команда шықты өз подгруппасынан Ақтоғай және Май ауданының құрама командасы шықты. Қазір үш команда бір-бірімен бақ сынасып жатыр.бірінші екінші үшінші орынға. Үкімет тарапынан ұйымдастырушылар грамота медалдар бар, біз өмізіміз көкпар жанашырлары ретінде Мерлан деген бауырымыз сол көтеріп отыр 3 орынды.
Дильназ Куанышбекова, тілші
Жер дүбірлеткен тұяқ, делебені қоздырған айқау шу дәл қазір жастар арасында өтіп жатқан көкпар чемпионатының ең қызу сәтіне куә болып отырмыз.Айта кетейік, іріктелген шабандоздар Алматыда өтетін додада Павлодар облысының намысын қорғайды.
Мансұр Бекболатов, төреші
Бірінші ойында Ақтоғай мен Ақкөл ойындарында 4:1 есебімен Ақкөл командасы алға шыққан болатын. Ендігі ойында Майский командасының «Қайыс ата» командасымен Ақтоғай командасы шығатын болады.
Екібастұз қаласына қарасты Ақкөл ауылының "Сайфулла" командасы, үздіктер қатарында. Түрлі жарыстарда тәжірибе жинақтаған жас шабандоздар бұл жолы да осал еместігін дәлелдеді. Екі күнге созылған сайыста команда финалға жолдама алды. Оларға жергілікті спорт басқармасы қаржылай қолдау көрсетіп келеді.
Жастар арасындағы бұл дода – болашақ чемпиондардың алғашқы қадамы. Ұлттық рух пен спортты ұштастырған көкпар жарысы алдағы уақытта жалғасын табады.
Дильназ Куанышбекова