Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Қызыл Ай» қоғамының облыстық филиалы есеп берді. Жиынға ұйым мүшелері, еріктілер және серіктес мекемелердің өкілдері қатысты. Айта кетейік, мұндай жиын әр 5 жыл сайын өтеді.
Отырыста ұйымның соңғы бес жылда атқарған жұмыстары таныстырылды. «Қызыл Ай» қоғамы төрт негізгі бағытта жұмыс істейді. Қатысушыларға гуманитарлық және әлеуметтік көмек бойынша атқарылған істер туралы есеп берілді.
Гүлнәр Исаханова, Павлодар облысы «Қызыл ай» қоғамының директоры
Бірінші бағаыт ол төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға гуманитарлық, алғашқы, психолгогиялық көмек көрсетеміз. Екінші бағыт әлеуметтік бағыт. Бұл бағытта өзіміздің үлкен жобамыз бар жетім балалар деген. 2007 жылы жоба Қазақстанда басталды. Үшінші бағыт донор бағыты. Бұл бағытта үлкен ақпараттық жұмыс атқарамыз. Және еріктілер қозғалысы. Бүкіл жұмысты еріктілер көмектеседі.
Қоғам алдағы жоспарларымен де бөлісті.Ұйым- жұмысын одан әрі жақсартып, еріктілер санын арттыруды көздеп отыр. Тұрғындармен байланысты күшейту жайында ұсыныстар айтылды. Соңғы бес жылда «Қызыл Ай» қоғамы 10-ға жуық жобаны іске асырған.
Гүлнәр Исаханова, Павлодар облысы «Қызыл ай» қоғамының директоры
Осы Павлодар облысында 200млн дай болады. Спонсорлық көмек көрсетілді атымыздан. Оның ішінде жетім балаларға берілетін төлем ақы. Пандемия кезінде де зардап шеккен адамдарға көмек бердік. Төтенше жағдай кезінде де Екібасұз қаласына кемінде 10 млнға көмек көрсеттік. Былтыр Жалаулы ауылында да төтенше жағдай болды. Ол жерде де көмек көрсеттік.
Бұдан кейін белсенді еріктілер мен серіктестер алғыс хаттармен марапатталды. Айта кетейік, 27 маусымда Алматы қаласында «Қызыл Ай» қоғамының жалпы съезі өтеді. Сол жиынға Павлодар облысынан арнайы делегат тағайындалды.
Сабина Жолдаспаева