Павлодарда республикалық хакатон басталды. Айти саласының үздіктері бір тәулік бойы берілген тапсырманы орындап, озық идеяларын ұсынады. Жеңімпаздар бағалы сыйлақпен марапатталады.
Хакатон айти әлемінің білгірлері бас қосатын бәсеке. Бұл жолы 17 облыстан 27 команда келді. Жастар кімнің ойы озық, білімі терең екендігін көрсетіп қана қоймай, өзара тәжірие алмасып, біліктерін шыңдайды.
Қатысушыларға тапсырмалар үш бағыт бойынша беріледі. Орындауға бір тәулік уақыт жұмсалады. Оның ішінде киберқауіпсіздік, жастардың жұмыс орындарын іздеуіне арналған бағдарлама сияқты маңызды мәселерді қамтымақ.
Қатысушылар болашақ бағдарламашылар мен иннновация авторлары. Ұшқыр қиял иелері. Баршасы да жеңімпаз атанып, биіктен көрнуден үмітті.
Республикалық хакатон Павлодарда екінші рет өтуде. Алғашқысы былтыр ұйымдастырылған. Жеңімпаздарды арнайы қазылар алқасы анықтайды.
Жанасыл Серікбол