Бүгін Достық үйінде «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-шы сессиясы өтті. Жиында этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, жастар ұйымдары және қоғамдық кеңес мүшелері бас қосты. Қатысушылар Ассамблея қызметінің 30 жылдық жетістіктері мен өңірлік дамудағы рөлі жайлы пікір алмасты. Сессия жұмысына қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.

Өткен басқосу ел ішіндегі бірлік пен келісімді сақтау бағытындағы жұмыстарды саралап, жаңа міндеттерді айқындауға арналды. Биыл Ассамблея өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтіп отыр. Осы уақыт ішінде ұйым қоғамдық келісім мен этносаралық татулықтың берік платформасына айналды. «Халкъан Барт» шешен ингуш этномәдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен қатар 1995 жылы құрылған. Қазір бірлестік еліміздегі этносаралық келісім мен мәдени ынтымақтастықтың маңызды буыны болып келеді.

Марен Ахметова, Тереңкөл ауданы «Халкъан Барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі

Ассамблеямен біздің бірлестік бірге өсті. Біз үлкен тату Қазақстан бір бөлігі болдық. Бізге бейбітшілік жұмыс істеуге мүмкіндік берген ел. Отыз жыл бойы біз осында тұрамыз. Жұмыс істейміз. Балаларға сабақ береміз.

Ассамблея мен журналистердің қызметі ел бірлігі мен келісімін сақтау жолында өте маңызды. Аймақтың басты Ертіс арнасында бірнеше ілкімді жобалар көрермендерге жол тартқан. Ал жаңалықтар қызметі күн ара ұйымның қызметін айтып келеді. Бірлескен еңбек – елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі.

Галина Трощева, «Ертіс» телеарнасының редакторы

Сегодня как никгда актуальна тема общественного... Қоғамдық келісім мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Бірлік пен бейбітшілік – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі. Елдегі бұл тақырып ерекше маңызға ие. Журналистер тек оқиғаларды баяндап қана қоймай, қоғамдық пікірге ықпал етеді. Біз осы уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін белсенді түрде жариялап келеміз. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда маңызды ақпараттық қолдау көрсетеміз. Тұрақты түрде жаңалықтар қызметінде сюжет, бағдарламалар шығады.

Кездесуде жастар саясатына ерекше назар аударылды. Ассамблея жанындағы жастар қанаты этносаралық келісімді нығайтуға белсенді үлес қосуда. Екібастұз қаласынан келген Алина Сурдейкина — жастар қанатының мүшесі, мемлекеттік тілді жетік меңгерген студент.

Алина Сурдейкина, «Екібастұз жастары» ҚБ мүшесі

Біз осы Екібастұз қаласында бірлесіп жұмыс істеп келе жатырмыз. Бірақ республикалық деңгейде ары қарай жұмыс істегіміз келеді. Жастармен жұмыс жасағымыз келеді. Жастардың көбінесе отыратын интернетр ғаламторы болғандықтан. Біз интернетте жақсы жұмыс істейміз.

Сессияда облыс әкімі қала мен аудандарда Ассамблея жұмысын тиімді ұйымдастыруын, Ақсу қаласында Достық үйін салуды тапсырды. Бұған қоса облыс орталығында №24-ші мектеп негізінде ашылған сыныптың жұмысын толықтыру керек екенін айтты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Төртінші мәдениет басқармасы келісімімен бірлік қағидатын іске асыру үшін Ассамблеяның журналистер тартсын.

Сессия соңында Ассамблеяның белсенді мүшелерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді.

Әйгерім Тоқпанқызы