Ертіс ауданы Абай жалпы орта білім беру мектебінде робототехника чемпионаты өтті. Шараға Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі, Ертіс №1 және №2 мектептері белсене қатысып, өз командаларын ұсынды.
Жарыс екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Бұл кезеңдерде оқушылар робототехника құралдарын қолдану дағдыларын, ғылыми-техникалық бағыттағы креативті ойлау қабілеттерін және бағдарламалық компоненттерді өз бетінше пайдалану шеберліктерін көрсетті. Чемпионат аясында оқушылар топпен жұмыс істеу, мақсат қою, болжам жасау және оны дәлелдеу, ақпарат іздеу, тәжірибе жүргізу, нәтижені саралау және шығармашылық тұрғыда жобаларын қорғау сияқты маңызды дағдыларды меңгерді. Сонымен қатар, диалог құру мен өз пікірін еркін жеткізу дағдылары дамыды. «ABAI Tech Robot 2025» чемпионаты – оқушылардың тек техникалық білімін ғана емес, сондай-ақ зерттеушілік, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру алаңы болды.
Жанасыл Серікбол