Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жер учаскесі қандай болуы керек? Бұл мәселе Павлодар облыстық мәслихатының жер және аграрлық мәселелер жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралды. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Жер мәселесі өзекті. Төрт түлігін жая алмай жүрген шаруалар бар. Отырыс барысында Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің түрлері бойынша уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін жер учаскелерінің шекті мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу мәселелері қарастырылды.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Ең жоғарғы мақсат ол не үшін, қазіргі уақытта жер игерілуі керек, ауыл шаруашылығында жер игерілуі нәтижесінде мақсаттарымыз ға жетпекпіз. Суармалы жерлермен айналысатын ауыл шарушылықтарының бір ұсыныс болған. Сол көлемдерге біз көбейттік. Бірақта қазіргі шешімді маслихат қабылдау керек. Одаң ейін үкімет. Одаң соң заң ретінде шығуы керек.
Одан бөлек, комиссия отырысында әкімшілік-аумақтық құрылымның өзгеруі жөнінде әкімдік қаулылары мен мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Бұл – бұрынғы ауыл жерлерін елді мекен жерлері санатынан шығару мақсатында жасалып отыр.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Бүгінгі отырыста біздің жаңа бір адам қарсы болған жоқ. Екінші сұрақпен көп жерлер ауыл шаруашылыққа берілімей, заң ретінде алған. Салық коддексіне өзгеріске келіп, салығын 1 шаршы метрден төлеуге өзгертілген. Азайып отыр.
Айта кетейік, Бұл мәселе ең алдымен облыстық мәслихат сессиясына ұсынылатын болады.
Салтанат Бауыржанқызы