Павлодар облысына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен келді. Кеңесші алдымен мәдениет, спорт, денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті. Мәлік Нұржанұлына Аталған салаларда атқарылып жатқан шаралар легі баяндалды.
Алдымен сала өкілдері атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер, спорт бағындырған биіктер, халықтың денсаулығын сақтау жолында жасалып жатқан инфрақұрылымдық мүмкіндіктер айтылды. Мәдениет саласында да іргелі ізденіс жұмыстары жүріп жатыр. Солардың бір шоғырын Бұқар жырау музейі атқаруда.
Президент кеңесшісі барлық сала мамандары елдің идеологиясын жасайтындығын баса айтты. Әділетті Қазақстанның дәрігері мен спортшысы да елді оң жолға бастауы тиіс. Бұл үшін биік парасат, кәсіби білік керек деді. Бұдан бөлек, елдің болашақ бағдары бай тарихтан бастау алып, ұлы мұраттарға жетелейтіндігіне тоқталды.
Бұның барлығы ел тарихтағы еңсе көтерер тұмысыздың мол екендігін көрсетеді деді Президент кеңесшісі. Сондықтан, елдің бірлігін бекем сақтай отырып, болашаққа нық қадам басу керектігін а йтты.
Жанасыл Серікбол