Заң мен тәртіп - өмірлік ұстанымымызға айналуы тиіс. Өңірде жұмыс сапарымен жүрген Президент Кеңесшісі Мәлік Отарбаев құқық қорғау органдарының өкілдерімен өткен кездесуде осылай деді. Сонымен қатар, ол Ұлттық құрылтайда айтылған маңызды мәлімдемелерді жеткізді.

Кездесу полиция қызметін жетілдіру, қоғаммен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, ел ішіндегі тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Айгүл Маликова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Бүгін без Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен төртінші Ұлттық құрылтайдағы тапсырмаларын негізге ала отырып, еліміздегі заң мен тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жұмысын жүйелеу мәселелерін талқылаймыз

Павлодар Президент кеңесшісінің табан тіреген 16-ыншы өңір. Мәлік Отарбаев аймақтарды аралап, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың соңғы отырысында айтқан маңызды мәлімдемелерін жұртшылыққа жеткізіп, межеленген міндеттерді айқындап берді. «Біз күрделі кезеңде өмір сүріп отырмыз, сондықтан мемлекетімізді сақтау, ұлтқа қызмет ету басты мұратымыз болуы тиіс»,- деді ол.

Мәлік Отарбаев, ҚР президентінің кеңесшісі

Төртінші отырыстың нәтижесінде Ел Президенті 53 тармақтан тұратын жарлыққа қол қойды. Мұның барлығы Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің сөз жүзінде емес, іс жүзінде асырылып отырғаның көрсетеді. Сондықтан да Ұлттық құрылтай қаншалықты біздің саяси идеологиялық бағыт-бағдарымызды айқындап отырса, соншалықты осы бүгінгі идеологияға қатысты мәселелердің шешім табуына мүмкіндік беріп отыр. Өйткені қоғамды толғандырып отырған мәселелер шашетектен. Олардың барлығын жүйелі түрде шешімін табу үшін, сәт-сәтімен шешілу үшін расында да үлкен Президентіміздің тарапынан жасалған ұлттық құрылтай сияқты тұғырнама қажет болды. Сондықтан біз онда көтерілген барлық мәселелерге мән беріп отырмыз.

Президент кеңесшісі өз сөзінде полицияның қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Халық сеніміне ие болу үшін әрбір қызметкер кәсіби шеберлікпен қатар, адамгершілік пен әділеттілікті ұстануы тиіс.

Мәлік Отарбаев, ҚР президентінің кеңесшісі

Біздің алдымызда қазір тұрған негізгі міндет ол мемлекетті сақтау. Ол мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру.ол Ел Президенті айтқан сабақтастық деген ұғымға мән беру. Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған ең үлкен мәселе Тәуелсіздігімізді нығайту, Тәуелсіздіктің тұғырын биіктету.

Кездесу соңында Президент кеңесшісі ішкі істер органдарының жұмысына оң бағасын беріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде табыс тіледі.

Қымбат Садық