Әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту қарқынды. Өңірде 34 әлеуметтік маңызы бар нысан салынды. Сондай-ақ елді-мекендерге тас жол төселіп, таза ауыз су тартылды. Осы және басқа да орындалған істер жөнінде өңірде жұмыс сапарымен жүрген Ел Президентінің кеңесшісі Малик Отарбаев айтты. Бұл Бурабай баурайында өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер.
Достық үйінде өткен жиында мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы жастар саясаты мәселесі сөз болды. Павлодар өндірісті өлке. Осы бастама сай зауыттарда еңбек ететін жастарды біріктіретін клуб құрылған екен. Бұл орталықтан жас мамандар қолдау тауып келеді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Өткен құрылтайда ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Бұл ретте облысымыздан мемлекет басшысының ұстанымын насихаттауға ауқымды идеологиялық жұмыс жүргізуде.Мұнымен қоса әділетті Қазақстан, Адал азамат, заң және тәртіп, Таза Қазақстан және жұмысшы мамандықтар жылы тұжырымдамалары басымдық беріліп іске асырылуда.
Павлодар жұртшылығының атынан алғашқы сөз ұлттық құрылтайдың мүшесі Бақыт Мақанқызы Бексейітоваға берілді. Ол ұлттық құрылтай – ел тағдырын, халықтың болашағын айқындайтын биік мінбер екенін және түрлі саладағы азаматтардың басын қосып, бір мақсат – елдің тұрақтылығы мен кемел келешегі жолында ұлт мүддесін ойластыратын маңызды алаң деп айтты.
Бақыт Бексейітова, ұлттық құрылтай мүшесі
Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған басты міндет ел ішіндегі бірлікті , қоғамдық келісімді сақтақ, ұлттық құндылықты нығайту жолдарын табуымыз керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Малик Отарбаев жұмыс сапары барысында өңірдің Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудағы нәтижесін жоғары бағалап, мемлекеттік құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Президент кеңесшісі білім беру, жұмыспен қамту және инфрақұрылым мәселелері халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін айтты.
Дильназ Қуанышбекқызы