Павлодар қаласындағы №27 балабақшаның ата аналары мен ұжымы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Игі шарада түрлі тағамдар, қолдан жасалған бұйымдар, тәттілер мен қолөнер туындылары сатылды. Бұдан жиналған қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталды. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Жылда күз мезгілінде қаламыздың балабақшалары қайырымдылық акциясына қатысады. Олар түрлі жәрмеңкелер өткізіп, түскен қаражатты қарттар, балалар үйіне жібереді. Жақсылық жасап жарысып жүргендер қатарында 27 балабақша да бар.

Валерия Бардакова, ата-ана

Осындай шаралар тек балаларға ана емес, ата аналарға да қызықты. Ең қуантатыты түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Біздің топ бұл сұраққа өте жауапты қарады. Түрлі тәттілер пісірдік, үйдегі дайын банкідегі маринадталған көкөністерімізді, тосаптарымызды әкелдік. Кеңсе тауарларын, шарларды, фломастерлерді де жәрмеңкеге қойдық.

Балабақшаның ата аналары мен ұжымы үйден тәтті тағамдар әзірлеп, киім кешектерді сатып қайырымдылыққа барынша атсалысуға тырысты.

Анар Тұрсынбаева, Павлодар қаласы №27 балабақша басшысы

Бүгінгі күні бізде өтіп жатқан іс шара осы жетім қалған, ата ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «аялы алақан» қайырымдылық іс шарасы өтіп жатыр. Осы іс шараға ата аналар, ұжымға рахмет айтамын. Осы акцияға жергілікті аудан тұрғындары да келіп қатысып жатыр. ++ата аналары өздері пісірген тәттілерін, киім –кешектерді әкеп сатып жатыр. Қызметкерлерім де тәттілерді пісіріп әкеліп жатыр. Оны сатып ертең балалар үйін апарып табыстаймыз.

Айта кетсек, қаламыздағы №27 балабақша аралас, онда 8 топ 175 бала барады.

Самал Қалиқызы