Бірінші қазан күні бүкіл әлемде Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күні жасы үлкендерге жай ғана назар аударылып қоймайды. Қарт тұрғындардың мәселесі де айтылып, ортаға түседі. Қарияларға қоғам тарапынан қамқорлық аз емес, ал, қаладағы үйлердің бірінде тұтастай подъезд өмір үйлесімін тауып, береке құра білген. Қала тұрғындарына қайырымдылықтың үлгісі болып отыр.
Камзин көшесі, 72-үй. Павлодарда көп кездесетін көпқабатты панельді үйлердің бірі. Бірақ дәл осы жерде, 2-подъезде, айналасына, қоршаған ортаға жанашыр жандар тұрады.
Тамара Перницкая, Павлодар қаласының тұрғыны:
Біз қыз-келіншектермен бірлесіп, тек подъездің емес, бүкіл қаланың экологиясы мен сұлулығын сақтауға тырысамыз. Біздің бастамамызбен көптеген подъездер осылай көгалдандырылып жатыр. Барлығы әдемі, жайлы, өзімізге де ұнайды. Келген адамдар: «Сіздердің орындықтарыңызда отыру сондай жайлы» деп айтады.
Түрлі гүлдер, қолдан өсірілген өсімдіктер. Айналадағы мұнтаздай тазалық. Мұның бәрі осы үйдің тұрғындарының еңбегі. Бастысы бұның бәрі жүрек қалауымен жасалуда.
Тамара Перницкая, павлодар қаласының тұрғыны
Еріктілер де көмектеседі. Бәріміз бірге сыпырғыштармен тазалаймыз. Тазалықты әрқашан ұстануға тырысамыз.
Подъезд тұрғындары тек сұлулық пен жайлылық үшін емес, қайырымдылық үшін де бірігеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге көмектеседі.
Тамара Перницкая, Павлодар қаласының тұрғыны
Біз Павлодар ауданына қарасты Розовка ауылында «мейірім марафонын» өткіздік. Біздің подъезд ақша жинап, қан обырымен ауыратын қалада тұратын кішкентай қызға аудардық. Ол Түркияда емделіп жатыр. Сонымен қатар, Розовкадағы мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар алдық.
Жақында подъезд тұрғындары қарттар үйінің тұрғындарына арнап мереке ұйымдастырды. Барлығы өз қаражаттарымен, жүрек қалауымен жасалды.
Тамара Перницкая, Павлодар қаласының тұрғыны
Подъезд тұрғындарымен бірге орамал, шұлық, аталарға жейде, 5 кг бауырсақ сатып алдық. Концерт ұйымдастырып, белсенділермен бірге бардық. Менде жаңа мүгедек арбасы болды – соны апардым. Шынайы, көңілді мереке жасадық. Олар сондай қуанды. Сөзбен айтып жеткізгісіз әсерлі шара болды.
Мұндай бастамалар – аға буынның қоғам өміріне әлі де үлес қосып жатқандығының жарқын мысалы. Қарттар күні қарсаңында мұндай оқиғалар үлкендерді құрметтеу, оларға көңіл бөлу мен қолдау көрсету қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Александра Алябьева