Қыркүйек айының соңғы жексенбісі — елімізде еңбектің қадірін, маңдай тердің қасиетін ұлықтайтын күн. Биыл бұл мереке ерекше мәнге ие. 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай біз күн сайын тыным таппай, қара жұмыстың қазанында қайнап жүрген еңбек адамымен тілдесіп қайттық.

Бақытбек Қонысбекұлы – Павлодар қаласындағы трамвай көлігі басқармасында еңбек ететін электрослесарь. Кәсіпке деген адалдығы мен жауапкершілігі оның әр сөзінен, әр ісінен сезіліп тұр.

Бақытбек Кенжеғожин, электро-слесарь

Трамвай депосында істеп жатқаныма бір жыл болғаннан осында жұмысқа алғаннан кейін мен мында трамвайдың тежегішін жөндеу жұмыстарымен айналысамын.Өйткені тежегіш трамвайдың тоқтауын басқаруына үлкен рөл атқарады.

Бақытбек аға үшін әр күн таңғы 7:30-да басталады. Сағат сегізде жұмыс орнына кірісіп, кешкі 5-ке дейін тынымсыз тер төгеді. Техниканың бабын тауып, болт-винттің басын құрастырып жүргені – жай ғана тірлік емес, шын мәнінде – жанкешті еңбек. Себебі трамвай жолға шықпас бұрын оның әр бөлшегі мұқият тексеріліп, кезекші мамандардың бақылауынан өтеді. Бұл – адам өміріне тікелей жауапты іс.

БАҚЫТБЕК КЕНЖЕҒОЖИН, ЭЛЕКТРО-СЛЕСАРЬ

Біз таңертең 7 жарымда келеміз, 8 де жұмыс басталады.Кешкі сағат 5 ке дейін жұмысымызды істейдіз.Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнымызда барлығын реттеп кешкі сменаға тапсырамыз.

Осындай қарапайым, бірақ қажырлы еңбек иелері – ел экономикасының, тыныс-тіршілігінің негізгі тірегі. Олар туралы көп айтылмайды, бірақ сол үнсіз атқарылған еңбек – әрбір қозғалған трамвайдың, жеткен жолаушының және қауіпсіз сапардың кепілі.Еңбек күні – дәл осындай жандардың мерекесі. Қай салада жүрсе де, адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген азаматтарға бас иеміз.

Дильназ Қуанышбекқызы