Ертіс ауданында күзгі егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Өңір басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен ауданға барып, дихандардың еңбегімен танысты.

Алдымен аймақ басшысы аудан әкімінің есебін тыңдады.Ертіс ауданында күзгі жиын-терін қызған шақта. Биыл дәнді дақылдар – 216 мың гектар,майлы дақылдар – 78, гектар,мал азығы – 28 мың гектар,картоп – 0,5 мың гектар алқапқа егіліпті.

Нығман Жүсіпов, Ертіс ауданының әкімі

Аудан бойынша егіс алқабы 325 мың гектарды құрады. Былтымен салыстырғанда дәнді дақылдардың көлемі 4,8 пайызға азайды. Сіздің тапсырмаңыз бойынша майлы дақылдардың көлемі 40 пайызға арттырдық. Яғни қазіргі таңда 78 мың гектарды құрайды. Жинауға жататын жалпы егіс көлемі — 296 мың гектар. Қазір 111 мың гектар өнім жиналды. 52 пайызға орындалды.

Бұдан соң облыс әкімі тек бидай мен күнбағыс өсіретін «Смағұл» шаруа қожалығының алқабында болды. Биыл шаруашылық 8 мың гектарға бидай, 4 мың гектарға күнбағыс еккен.

Амангелді Смағұл, «Смағұл» ШҚ басшысы

Было сухо мы посееиди потом пошел дождь. Бастапқыда құрғақшылық болды, біз егінді сол кезде септік. Кейін жаңбыр жауды. Соған қарамастан, бидайдан орташа есеппен гектарына 30 центнер өнім алып жатырмыз.Ал күнбағысқа келсек, әзірге ораққа кіріскен жоқпыз. Шамамен 10 күннен кейін күнбағыс жинаймыз.

Одан кейін облыс әкімі астықты қабылдау, тазалау және кептіру жұмыстарын атқаратын механикаландырылған кешеннің жұмысымен танысты. 350 миллион теңге инвестиция құйылған бұл нысанның өнім өткізу қуаты — сағатына 160 тонна.

Ерболат Смағұл, «Смағұл» ШҚ инженері

Оның күштілігі 160 мың тонна бір сағатына. Алдында бізде сағатына 100 тонна бір сағатына. Ол бізге нашарлау болды. Біз міне үлкен салып жатырмыз. Екінші мекток біздің.

Шаруалар мемлекеттен қолдау тауып отыр. Қожалық қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несие алған. Оған техника сатып алған. Биыл облыс бойынша 300-ге жуық аграрий осындай қолдауға ие болды.

Байсал Алпысбай, «Қазагроқаржы» АҚ Павлодар облысы бойынша директоры

Бүгінгі таңда 300 зайемщик қаржыландырылып отыр. 71 техника 21 млрд теңгеге. Өткен жылы 21 млрд теңге жылда қаржыландырылса, техника беріліп отыр.

Бұдан кейін өңір басшысы «Иртышское» шаруа қожалығының картоп алқабына барды. Қожалық иесі биыл «Гала» сұрыпты картоп еккенін айтып, өнімнің жақсы шыққанын және қазір жинау жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Әйгерім Тоқпанқызы