Павлодарда «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Үш номинация бойынша жеңімпаздар мапатталды. Шара алдағы еңбек күніне орайластырылды.

28 қыркүйек күні еліміз жыл сайын еңбек күнін атап өтеді. Осы күнге орай нақты еңбек адамдарына құрмет көрсетілде. «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарының бірі Жексен Ажманов ұзақ жылдар бойы ЕКібастұз жылыуэлектр стансасында жұмыс істеп келеді. Ол көптеген жастарды тәрбиелеп жүрген үздік тәліңмигер атанды.

Сонымен қатар, Голевтер отбасы үздік еңбек әулеті номинациясын жеңіп алды. Олардың жалпы еңбек өтілі 132 жыл. Ал, ең үздік жаса маман атауына Диас Айтуаров иеленді.

Жеңімпаздар желтоқсан айында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Жанасыл Серікбол